Жоба туралы

"Наркостоп" - 2021 жылдан бастап жұмыс істейтін, Қазақстан жастары арасында есірткіге тәуелділікпен жүйелі түрде күресетін кешенді жастар жобасы. Жоба профилактика және есірткіге тәуелділерді оңалту инфрақұрылымын құру үшін сарапшыларды, еріктілерді, кәсіпкерлер мен мемлекеттік құрылымдарды біріктіреді.

Толығырақ ⬇
Жоба туралы
"Наркостоп" - 2021 жылдан бастап жұмыс істейтін, Қазақстан жастары арасында есірткіге тәуелділікпен жүйелі түрде күресетін кешенді жастар жобасы. Жоба профилактика және есірткіге тәуелділерді оңалту инфрақұрылымын құру үшін сарапшыларды, еріктілерді, кәсіпкерлер мен мемлекеттік құрылымдарды біріктіреді.

Бұл неге маңызды?
Есірткі мәселесі қазіргі кезде ушығып тұр: Қазақстан есірткі тұтыну деңгейі бойынша әлемде 8-ші орында тұр. Елімізде ресми түрде есірткіге тәуелді 18 мыңнан астам адам тіркелген, олардың 3 000-ғажуығы - 18-29 жастағы жастар. Тіркелмеген жағдайларға байланысты тәуелділердің нақты саны 5 есеге дейін жоғары болуы мүмкін. Синтетикалық есірткінің таралуы ерекше алаңдаушылық тудырады: олардың тәркіленуі Қазақстанда соңғы жылдары 140 еседен астам өсті (7,7 кг-нан 1,1 тоннаға дейін). Бұл заттар арзан әрі қауіпті – сарапшылардың бағалауынша олар елдегі жыл сайынғы есірткі салдарынантіркелетін шамамен 800 өлімнің көбіне осы заттар себепші.

Неліктен "Наркостоп" ерекше?
Бұл Қазақстандағы кешенді профилактика мен оңалту арқылы тұрақты түрде сау өмір салтын қалыптастыруға жағдай жасайтын республикалық ауқымдағы жалғыз жоба. Жоба тәуелділікпен күрестің барлық кезеңдерін қамтиды - жастарды есірткіге тартудың алдын алудан бастап есірткіге тәуелді адамдар мен олардың отбасыларына көмек көрсетуге дейін. Қоғам үшiн пайдасы - жастар арасындағы есiрткi қаупiн төмендету, сауығуға ұмтылған адамдарды қолдау және қоғамның проблемаға деген көзқарасты өзгерту болып табылады. "Наркостоп" жобасының арқасында мыңдаған жастар позитивті қызметке тартылып,  есірткіге қарсы тұруға үлес қосуда. Бұл өз кезегінде нашақорлықтың таралуын азайтады. Сонымен қатар жоба есірткіге қатысты заңнаманы жетілдіруге атсалысып, мемлекет жүргізіп отырған есірткі қылмысына қарсы саясатты күшейтеді.

Жоба жұмысының негізгі бағыттары:
  • Еріктілер мен есірткі патрульдері:
    есірткіге қарсы жұмыс үшін еріктілерді (600-ден астам белсенділерді) тарту - көшелерде есірткі жарнамасын бояп тастау, интернетті киберпатрульдеу, акциялар мен ағартушылық шаралар өткізу.
  • Алдын алу және ағарту:
    мектептерде, колледждерде және жоғары оқу орындарында есірткінің зияны туралы дәрістер мен әңгімелесулерді ұйымдастыру, спорттық және әлеуметтік іс-шараларды өткізу (жоба жыл сайын білім беру белсенділігі арқылы 10 000 адамға дейін қамтиды).
  • Психологиялық және әлеуметтік көмек: сенім телефоны
    (анонимді колл-орталық) арқылы есірткіге тәуелді адамдар мен олардың жақындарына кеңес беру үшін ай сайын шамамен 300-ге жуық өтініш қабылданады;   есірткіге тәуелді адамдарға өзара көмек топтары және ортақ тәуелділерге (туыстарына) жекелеген топтар өткізіледі, мұнда олар 12 қадам әдістемесі бойынша қолдау мен кеңестер алып отырады.
  • Заңдық қолдау:
    тәуелділердің отбасылары үшін заңгерлердің тегін консультациялары (мысалы, мәжбүрлеп емдеу, құқықтарды немесе жауапкершілікті қорғау мәселелері бойынша).
  • Оңалту және емдеу:
    мемлекеттік және жекеменшік оңалту орталықтарымен (оның ішінде Республикалық психикалық денсаулық орталықтарымен) әріптестік орнатылған - жоба аясында емделуге дайын есірткіге тәуелділер үшін жеңілдікті орындар бөлінуіне қол жеткізіледі.
  • Заңнаманы жетілдіру:
    парламентпен және құқық қорғау органдарымен өзара іс-әрекеттер жүргізіледі - "Наркостоптың" сарапшылары заңдарды жетілдіру бойынша ұсыныстар  мен ұсынымдар әзірлейді (мысалы, жаңа психобелсенді заттарды бақылау, оңталу орталықтарды лицензиялау сияқты бағыттар бойынша).
  • Ақпараттық шаралар:
    "NEZAVISIM_kz" атты ағартушылық YouTube арнасы жүргізіледі, бұқаралық ақпарат құралдарында материалдар жарияланады, жастардың есірткіге төзбеушілігін және салауатты өмір салтын насихаттау үшін әлеуметтік желілерде белсенді ақпараттық жұмыс атқарылады.
  • Жоба мемлекеттің қолдауымен жүзеге асырылуда: "Наркостоп" Алматы қаласы әкімдігінің Жастар саясаты мәселелері басқармасының мемлекеттік тапсырысы болып табылады. Бұл бастаманы жергілікті билік қаржыландырып, оған жетекшілік етеді, бұл жобаның ауқымы мен тұрақтылығын арттырады дегенді білдіреді.
Байланыстар
Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., көш. Абай, 68/74, кеңсе 211. 2 қабат, Narcostop жобасының кеңсесі

Телефон: +7 747 461 6701
Made on
Tilda